АМАНТОҒАЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ
Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің тарихы
Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің бұрынғы аты – Бестау бастауыш мектебі. 1929 жылы 1 қыркүйекте алғашқы оқу жылын бастаған.
Мектеп Кемер (Гончарь) деген елді қоныста болды. Алғашқы мемлекеттік мектепте Ашутасты, Тасты, Жалдама өзендері бойында ел қоныстанған мекендердің балалары тартылған. Әрі сауат ашу үшін ересек адамдар да оқыған. Мектептің алғашқы мұғалімі – Омаров Жұмағали, екінші мұғалімі – Жақсыбаев Ебіл.
Кейін орталықтандыру саясатына байланысты, әрі аштықтан аман қалғандарды бір қонысқа шоғырландыру үшін “Ескі қала” қонысын үлкейтіп, 1935 жылы Бестау бастауыш мектебін сонда көшірген.
1945 жылы бесінші сынып ашылды.
1956 жылы жетіжылдық мектепке айналды.
1957 жылы сегізжылдық мектеп болды.
1964 жылы мектеп Амантоғай деп өзгертілді.
1969 жылы Амантоғай орта мектебі мәртебесіне ие болды.
Бестау жетіжылдық мектебінің директоры болып Құрманов Жұмаш (1944-1945 жж.), Шағырбаев Әбдібек (1945 47 жж.), Дүйсекеев Әбдікәрім (1947 -49 ж.ж.) қызмет етті. Осы уақыттар ішінде Бестау ауылдық кеңесіне қарайтын колхоздар жаңадан жеті жылдық мектептің үйін салды. Ол орында 1947 жылдан 1963 жылға дейін сегіз жылдық мектептің балалары білім алды.
Айтқожин Камал (1944-1952 жж.), Нүғыманов Мүқанбетриза (1952 -1956 жж.), Дүйсекеев Әбдікәрім (1956-1966жж.), Таубаев Қайырбек (1966- 67 ж.ж.) т.б.
Осы жылдар арасында мектеп директорларының ішінде Әбдікәрім мен Мұқанбетризаны ерекше айтуға болады. Оларда өз жүмысына шын берілгендік, ұстазға ылайық қалып бар еді.Мектеп мүғалімдерінің қатарын өсіріп қана қойған жоқ,мектеп үйін салуда, оның базасын жақсартуда аянбай еңбек етті. Мүқанбетриза мектепке көмектесуін сұрап Сталинге хат жазып, тікелей көмек алды. Мектептің ішін қайта жабдықтады. Екеуіде білімді жас кадрларды жинай білді. Олар балаларға сапалы білім берумен қатар өнерлерін шындады. Спортшылар қатарын көбейтті. Бестау сегіз жылдық мектебі біліммен өнер ордасына айналып, ауданаралық, облысаралық жарыста жүлделі орынды үнемі иеленіп отырды. Алтыншы ауылдың аты асқақтап тұратын.
Бұл мектепте Әбішев Ғиса, Бимыкова Ұлжалғас,Исабекова Гүлжиһан, Ибраев Бибосын, Құлманов Боранбай, Ахметов Сұлтанғали, Сәтов Ғиуаз, Жүнісов Қапар, Жолдыбаев Жабағы, Оспанова Көпей, Қылышбаев Әубакір, Бекенов Әмірбек, Бәйішов Кали, Бейсенғалиев Жасталап т.б. тамаша мұғалімдер жұмыс істеді.